Абай оқуларының озаттары

0 32

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының ұйымдас­тыруымен өткен, ұлы Абай атамыздың шығармашылығын дәріптеу мақсатында жарияланған «ІV Абай оқулары» әдебиет сайысының жеңімпаздары анықталды.

Елбасы кітапханасының директоры, профессор Әмірхан Рахымжановтың сөзіне зер салсақ, данагөй ақынның шығармашылығын жаңғыр­туда Елбасы кітапханасы Абай оқуларын ұйымдастыруды игі дәстүрге айналдырып қана қоймай, жастардың оқуға құштарлығын оятып, өмірлік көзқарасын кеңейту мақсатында биыл «Абай – 175» жобасын іске қосты. Ойшылдың пәлсапалық мұрасын арнайы бағдарламамен әзірленген семинар-тренингтер мен біліктілік дәрістерінің негізіне алады. Ресми сайтындағы электронды каталогтың көмегімен мекеме Абай еңбектеріне қолжетімдікті іске асырды. Ойшылдың туған күніне орай Елбасы кітапханасы ақынның рухы мен шығармашылығына арнап көрмелер мен түрлі іс-шараларды ұйым­дастыруды да әдетке айналдыр­ған. 2016 жылы кітапхана архивінің қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысындағы Жидебай ауылына сапармен барып, Семей қаласындағы тарих және өлкетану музейінен, құжаттау орталығынан, Абай атындағы әмбебап кітапханадан ақпарат жинап, тың деректермен қорды толықтырды.
Биылғы байқауда қазылар алқасының шешімімен бірінші орынды Нұр-Сұлтан қаласының №2 көпбейінді ауруханасы медицина қызметкерлерінің ұжымы иеленді. Екінші орынды Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Альсана Смаилова алса, үшінші орын Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Сортөбе ауылындағы орта мектептің 3-сынып оқушысы Карима Люшанлоға бұйырды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × one =