Абай мұны жүрек ісі деп атаған

0 13

Қазақстандықтар өздерінің бірегей толеранттығын мақтаныш ете алады. Жалпы, С.Ожегов толеранттылықты «төзу, шыдау» деп түсіндіреді. Ал енді қазақстандық өмір салтының зерттеу­леріне сүйенсек, «өзгені қабылдау» деген ұғымды білдіретінін дәлелдей алды. Бұл төзу емес, қабылдау – қоғамда өзгені, өзге дәстүрді қабылдау. Қайырымдылық және ынтымақтастықтың арқасында.

Қазақ халқына тән іргелі тарихи дәстүрлердің бірі ретінде бұл тарихи феномен зерттеулер нысанына айналып отыр. Лев Гумилевтің сөзімен айтқанда, Ұлы дала – бұл Еуразияның мәдениаралық және интеграциялық кеңістігі мен қазақтардың негізгі біріктіруші рөлін тарихи түрде жасаған адамдар және табиғат. Лев Гумилев өзінің бұл жұмысын «адамгершілік императиві» деп санады. Өз еңбектерінде қазақ ойшылдары әділдіктің құлықтылық табиғатын және қоғамдық өмірдің еңбексүйгіштік, өзара көмек, қайырымдылық, қадір-қасиет және тағы басқа құндылықтарының мәнін көрсеткенін жиі кездестіремін. Бұл өзгелерді бастан кешкен қиындықтарға, бақытсыздықтарға төзімділік танытып, жақындарынан айырылғандарға жанашыр болуға бейімдесе керек. Мұның кілті Ұлы Абайдың он төртінші қара сөзінде айтылған пәлсапасында жатыр. «Рақымдылық, мейірбандылық, әртүрлі істе адам баласын өз бауырым деп езіне ойлағандай, оларға да болса игі еді демек, бұлар – жүрек ісі». Әлемнің көптеген халықтарында кездесе бермейтін қазақтың бірегей қонақжайлық дәстүріне тамсанған поляк жерінен жер аударылып келген А.Янушкевич былай деп жазды: «Егер бүкіл жер шарының бойында қазақтар тұратын болса, олардың арқасында бүкіл әлемді бірде-бір тиын жұмсамай-ақ айналып өтуге болар еді». Қараңызшы, бір ауыз сөзде қанша мән бар?! Бұдан қазақтың бар болмысын тануға болады емес пе?!

Наталья КАЛАШНИКоВА,
­Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университетінің саясаттану ­кафедрасының
­профес­соры, Қазақстан халқы ­ассамблеясы
Ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшесі

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды