Абай мерейтойына брендбук әзірленді

0 96

Ұлы Абайдың мерейтойына орай арнайы брендбук дайындалып, қолданысқа енгізілді.Брендбук ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен жасалды.

Логотип сипаттамасында Абайдың еңсесі көтеріңкі және оның ерік-жігері мен даналығын анық көруге болады.
«Портреттің негізгі түсі – күлгін. Алдымызда ұлы ойшылдың бейнесі тұрғанын оның жазық маңдайы, қалың қабағы паш ететіндей. Абайдың өзіне тән бейнесін топы мен камзол түріндегі киім элементтері толықтыра түскен. Фирмалық стильде Абай портреті ғана емес, іс-шараның маңызды құрамдас бөлігі ретінде 175 саны да қолданылған. Негізгі элементтерге қосымша құрақ көрпе стиліндегі графика және танымал ұлттық өрнек қосылған. Бұл стиль ұлттық бейнені айқындай түседі. Әртүрлі дизайнға оңай бейімделеді» деп жазылған ақпаратта.
Мерекелік іс-шараларды тиянақты ресімдеу үшін брендбук құрамында: логотип тұжырымдамасы, фирмалық стиль бойынша нұсқаулық, тарату материалдарының дизайны, көлікті безендіру дизайны, іскерлік құжаттарды рәсімдеу дизайны мен сыртқы жарнаманы рәсімдеу материалдары қамтылған.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды