Абай ескерткіші

0 21

Елордаға көрік қана емес, рух беріп тұрған тұғырдың бірі – ­қазақтың ұлы ақыны Абай атамыздың ескерткіші. Ол 2010 жылы 19 маусымда ашылған. Абай мен Бейбітшілік көшелерінде бой көтерген ойшыл тұлғаның еңселі ескерткіші стилобат, постамент және мүсіннен тұрады. Монументтің жалпы биіктігі – 17,750 метр, ал Абай мүсінінің биіктігі – 7,550 метр. Мүсіндік композицияның барлық элементтері бір қалыпта әзірленіп, таза қоладан құйылған. Салмағы – 10 тонна. Ескерткіш авторы – мүсінші Болат Досжанов.Алаштың ардақты азаматтарының бірі Міржақып Дулатов 1914 жылы «Қазақ» газетінің 23 маусымдағы №67 нөмірінде шыққан санындағы «Абай» атты мақаласында: «Зәредей шабһа етпейміз: Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ, рухына сонша жақындармыз. Үнемі бұл күйде тұрмас, халық ағарар, өнер-білімге қанар, сол күндерде Абай құрметі күннен күнге артылар, бірінші ақынымыз деп қабірін халқы жиі-жиі зиярат етер, халық пен Абай арасы күшті махаббатпен жалғасар. Ол күндерді біз көрмеспіз, бірақ біздің рухымыз сезер, қуанар…» деп жазыпты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fourteen + two =