Абай ескерткіші ашылады

0 117

Елбасы Ташкентте Абай ескерткішінің ашылу салтанатына қатысады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлімдеді. 

Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған А.Әбибуллаевтың айтуынша, 13-14 маусымда Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Өзбекстанға ресми сапармен барады. Сапар аясында экономикалық, мәдени, гуманитарлық қарым-қатынастардың бүгіні мен ертеңі кеңінен талқыланады. Сондай-ақ, аймақтағы қауіп­сіз­дік мәселелерін де талқылау көзделген. Ташкент­те­гі келіссөздердің қорытындысы бойынша­ Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бір­қа­тар үкіметаралық екіжақты келісімдерге қол қою қарастырылып отыр.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Н.Назар­баев­тың қатысуымен Ташкентте Қазақстан Респуб­ли­касының Өзбекстан Респуб­ли­касындағы елші­лі­гінің жаңа ғимараты мен Абай ескерткішін салтанатты ашу рәсімі жос­пар­ланған.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × five =