Абай даңғылындағы ақын бейнесі

0 97

Елордада Абай атамыз­дың 175 жылдық мерей­тойына орай тұғырлы тұлғаның есімін иеленген даңғыл бойындағы 50-інші көпқабатты тұрғын үйдің қабырғасында ұлы ақынның айшықты бейнесі салынды.Бұл өнерді ғылыми тілде «мурал» деп атайды. Ағылшын тілінен аударғанда «қабырғадағы сурет» деген мағынаны білдіреді. Ақынның ойлы бейнесін бедерлеуге Байқоңыр ауданы әкімдігі қолдау көрсеткен.
Айта кетейік, бұған дейін де дәл осындай мурал Кеңес Одағының Батыры, халқымыздың ардақты перзенті Бауыржан ­Момышұлы мен елімізде ауыр індетпен күндіз-түні күресіп жатқан ақ халатты абзал жандарға арнап салынды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twelve − eleven =