Абай бейнесі асқақтады

0 11

Румынияның астанасы Бухаресттің орталығында Абайдың бюсті ашылып, ақын бейнесі асқақтады.

Салтанатты шараның ашылуында Қазақстанның Румыниядағы елшісі Нұрбах Рүстемов Ұлы Абайдың 175 жылдығы аясында бюсттің ашылуы қос халықтың өзара құрметі мен екі елдің тарихын білуге жаңа ұрпақ тәрбиелеудің айқын мысалы екенін атап өтті.
Іс-шара барысында Румынияның экс-президенті Эмиль Константинеску және Парламент депутаттары палатасының вице-спикері, «Қазақстан-Румыния» парламентаралық достық тобының төрағасы Флорин Иордаке әлемдік деңгейдегі тұғырлы тұлғаның бюстінің орнатылуы Бухарест өміріндегі жаңа тарихи кезеңге айналатынын, сондай-ақ әлемдік мәдениетке қосқан үлесі үшін қазақ халқына деген құрметін білдіретінін жеткізді.
Сонымен бірге Абай атамыздың «қара сөзін» румын тіліне аударған белгілі лингвист Антоанета Олтеану хакімнің өмірі туралы ойлы әңгіме өрбітсе, қазақ тілі мұғалімі бастаған балабақша балдырғандары ақын өлеңдерін жатқа оқыды. Сондай-ақ Румынияда тұратын қазақстандық суретші Алуа Тебенованың ұлттық болмысқа бай картиналары да қонақтарды жылы әсерге бөледі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seventeen − nine =