Абай әні – жапон тілінде

0 66

Әлеуметтік желіні жапон қызының Абай Құнанбайұлының «Көзімнің қарасы» әнін өз тілінде салған бейнежазбасы шарлап кетті. Ранка есімді әнші, әрі композитор бұл әрекетімен баршаны ұлы ақынның 175 жылдығымен құттықтап, Абайдай тұлғаға бас иетінін білдірді.Абайдың мұраларын жапон тіліне «Wako» университетінің профессоры Хироки Сакаи аударған. Ол хакімнің өлеңдері, «Қара сөздерін» тәржімалаумен қатар қазақ халқының фольклорлық-мифологиялық мұрасы туралы бірнеше кітап жазды.
Ойшылдың күншығыс елінде шыр­қалған туындысына «Zerosta» продюсерлік компаниясы музыкалық өңдеу жасады. Онда жапонның «кото» атты ұлттық шертпелі аспабы қолданды.
Бір атап өтетін мәселе, кейінгі он шақты күн ішінде Абай шығармаларының аудармасы әлемнің бірнеше тілінде жарық көрді. Атап айтқанда, Каирде «Абайдың қазақ халқына өсиеттері» кітабының, «Қара сөздерінің» украин тіліндегі аудармасы және осы еңбектің нидерланд тіліне тәржімасы таныстырылды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × three =