«ABAI. 175 JYL» монеталары

0 26

Кеше Ұлттық Банк номиналы 100, 500 теңгелік «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясы бойынша «ABAI. 175 JYL» коллекциялық монеталарын айналымға шығарды.

Монеталардың бет жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген. Елтаңбаның сол және оң жағында «QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY ∙ REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазбалар орналасқан. Айналдыра ұлттық ою-өрнек элементтері бар. Төменгі бөлігінде «TEŃGE» жазбасы және күміс монетада монетаның номиналын білдіретін «500» саны және мельхиор мен нейзильбер монеталарында «100» саны бейнеленген.
Монеталардың сырт жағында Абай Құнанбаевтың мүсіндік портрет бейнесі, күміс және мельхиор монеталарда интерференциялық түрлі-түсті бейнелеу технологиясын қолдана отырып орындалған сия құтысының және қаламұштың стильдендірілген бейнесі орналасқан. Портреттің оң жағында – қазақтың киіз үйі (басқұр) декоры түріндегі ою-өрнек таспасы, оның астында Абай Құнанбаевтың туған жылын, 175 жылдығын мерекелейтін күнді және соғылған жылын білдіретін «1845-2020» деген жазба орналастырылған. Оң жағында – металдың массасын білдіретін «31,1 g» деген жазба бар. Монетаның жоғарғы бөлігінде «175» және «JYL» деген жазба бар. Сол жақ бөлігінде ұлттық ою-өрнек элементі, күміс монетада монета дайындалған металды және оның сынамын білдіретін «Ag 925» деген жазба бар. Монетаның төменгі бөлігінде латын графикасында «ABAI» деген жазба бар.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four × 3 =