Әлеумет

Тегін оқып, жұмысқа орналасады

Астана қаласының Мансап орталығы елорда тұрғындарына жаңа мамандықты тегін меңгеріп, кейін жұмысқа орналасу мүмкіндігін ұсынып отыр.    

Қала әкімдігінің ресми сайты хабарлағанындай, қазіргі уақытта елордада еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін оқуға қабылдау жүргізілуде. Оқуын аяқтағаннан кейін қатысушыларға жұмысқа орналасу мүмкіндігі жасалады.

Оқыту мына мамандықтар бойынша өтеді:

  • Аспаз – тағам дайындау және санитарлық талаптарды сақтау;
  • Маркетолог – өнімді ілгерілету, жарнама және нарықты талдау;
  • Тәрбиеші көмекшісі – балаларға күтім жасау, оларды дамыту және педагогке қолдау көрсету;
  • Флорист-декоратор – гүл шоқтарын құрастыру және іс-шараларды безендіру;
  • Шахмат жаттықтырушысы – шахмат ойынын үйрету және логикалық ойлауды дамыту;
  • Әкімші – жұмыс процесін ұйымдастыру және құжаттаманы жүргізу.

Оқу кезеңінде қатысушыларға ай сайын 86 500 теңге көлемінде жалақы төленеді. Оқыту жұмыс берушінің базасында 2-3 ай бойы жүргізіледі.

Толық ақпаратты Мансап орталығынан алуға болады.

Мекенжайы:

Бейбітшілік көшесі, 9, 145-кабинет.

Байланыс телефондары: 24-96-27, 8 700 956 98 31.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button