Көмек қолын созды

0 34

Елорда әкімі Алтай Көлгінов 19 жастағы Дильнас Шәріпбаевамен кездесті.

Анасы мен үлкен ағасы қайтыс болғаннан кейін 12, 14 және 16 жастағы кәмелетке толмаған сіңілісі мен бауырларын Дильнастың өзі бағып келеді.
Әкімдік Дильнас пен оның сіңлілерінің колледждегі оқу ақысын төлеу мәселесін шешіп береді. Ал оның бауырларына жаппай оқыту қоры аясында көмек көрсетіледі. Оқу құралдарын сатып алуға сертификаттар, қашықтан оқу үшін компьютерлер мен роутерлер беріледі.
Сонымен бірге әкімдік оларды уақытша баспанамен қамтамасыз етеді. Дильнас Шәріпбаева тұрақты жұмысқа орналасады. Әкімдік бұл отбасының балаларына алдағы уақытта тұрақты негізде көмек көрсететін болды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

13 + eighteen =