924 тағзым гүлі…

0 140

fb02db1858699021b76c5fdbf89

Астана қаласында Ауғанстаннан Кеңес әскерінің шығарылған күніне орай салтанатты шара өтті. Абылай хан даңғылы бойында орналасқан Ауғанстан соғысында қаза болған қазақстандық жауынгер-интернационалистер мемориалында өткізілген митингке Астана қаласының әкімдігі мен мәслихатының, Қорғаныс министрлігінің, «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалының мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Шара басында Қарулы күштердің сарбаздары 924 жасанды алқызыл гүлді ескерткіш түбіндегі ақ қарға қадап, Ауғанстанда қаза тапқан 924 қазақстандық жауынгердің рухына тағ­зым етті. Соғыс боз­дақтарын бір минут еске алу рәсі­мінен кейін Халық қаһарманы, Мәжіліс депутаты Бақытжан Ертаев, Қорғаныс министрлігі Бас штабы басшысының орынбасары Мұқан Дүйсекеев, Астана қаласы мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары Мейрамбай Оралов, Ауғанстанда қаза болған жауынгердің анасы Пейшенкүл Тоқмағанбетова сөз сөйлеп, он жылға созылған соғыстың қасіретті дерек-дәйегі жөнінде айтып, қазақстандықтар үшін бүгінгі таңдағы ең асыл мұрат еліміздегі бейбітшілік пен бірлікті сақтау екенін жеткізді.

Астана қаласы Ішкі саясат басқар­масының басшысы Бақыт Есімова кезінде Ауғанстан соғысында жан­қиярлық ерлік көрсеткен, Отан алдындағы антына адалдық танытқан жауынгерлерге ризашылық сезімін білдірді. Бүгінде ортамызда жүрген жауынгер-интер­националистердің қала өміріндегі қоғамдық шара­ларға, сондай-ақ, жас ұрпақты отан­шылдыққа тәрбиелеу ісіне белсен­ділікпен қатысып жүргендерін атап өтті. Қала әкімдігі атынан Ауған­станда қаза тапқан жауынгер-интер­нацио­налистердің аналарына гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табыс етті.

Ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімінен кейін жауынгер-интер­националистер елордалық «Ауғанстан соғысы мүгедектері мен ар­дагерлері одағы» қоғамдық бірлестігінің баста­ма­сы­мен Астана қаласы әкім­дігінің қолдауымен ұйым­дастырылған еске алу дас­тар­қа­ны басында бас қосты. Отырыс бары­­сында қоғам­дық ұйым­ның төр­ағасы Серік Кенжебеков айтулы ша­раға қолдау көрсеткен мекемелерге, сондай-ақ, бір­қатар белсенді жауын­гер-интернационалистер мен жеке­леген азаматтарға алғыс айтты.

Жалпы, қала бойынша атаулы күнге орай бірқатар игілікті шаралар, атап айт­қанда, мүгедектерге мате­риалдық жәрдем беру, мектептер мен колледж­дерде, мекемелер мен ұйымдарда «Ерлік сабақтары», спорт жарыстары ұйымдастырылды.

 Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eleven − five =