Іскерлік ахуал қалыптасты

0 40

Елорда әкімі Алтай Көлгінов онлайн-форматта «Doing Business» рейтингісіндегі позиция мен іскерлік ахуалды жақсарту мәселелері бойынша кеңес өткізді. «Бірінші жартыжылдықта әкімдік ұсынатын мемлекеттік қызметтердің санын 86 пайызға дейін, жылдың соңына дейін 100 пайызға дейін арттыруды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, iQala қалалық қызмет көрсету орталығында кәсіпкерлерге «бір терезе» қағидаты бойынша көрсетілетін қызметтер санын ұлғайтамыз. Қазір онда 131 қызмет түрі көрсетіледі» деп жазды қала басшысы өзінің Instagram-дағы парақшасында.Алтай Көлгінов қаланы (инженерлік желілерді, нысандарды) цифрландырудың арқасында инвестициялық карта қолжетімді болатынын атап айтты. Кәсіпкерлер сол картадан қандай ауданда дәріханалар, дүкендер, нотариустар және т. б. ашу қажеттігін көре алады. «Қабылданып жатқан шаралар кәсіпкерлер үшін қолайлы іскерлік ахуал жасауға және Дүние­жүзілік банктің «Doing Business» рейтингісіндегі позиция­ны жақсартуға мүмкіндік береді» деді елорда әкімі.
Онлайн-кеңеске басқарма, Мемлекеттік кіріс департаменті, Әділет, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ филиалдары, Кәсіпкерлер палатасы және қалалық коммуналдық қызметтердің басшылары қатысты. «Жауапты тұлғаларға дер уақытында шешім қабылдап, бизнесті жүргізуге кедергі келтіретін мәселелермен шұғылдануды тапсырдым. Іскерлік ахуалды жақсарту мәселесі Мемлекет басшысының бақылауында» деп жазды қала басшысы.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 + six =