861 түлек әкім грантын иеленді

0 32

Биыл елорда әкімдігі аз қамтылған отбасы балаларының білім алуына бір жарым есе көп грант бөлді.

Мамандық таңдау – әр оқушы өміріндегі маңызды әрі жауапты қадам. Биыл әкімдіктен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруге 861 грант бөлінсе, оның ішінде резидентурада дәрігерлерді оқытуға 300-ге жуық, педагогикалық мамандықтарға 485 грант қарастырылды.
– Аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балалар үшін білім грантын бір жарым есе арттырдық. Гранттар ерекше қажеттілігі бар балаларға, жетім балаларға, аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленіп жатқан жеткіншектерге бөлінді. Түлектер IT-технологиялар, стоматология, жалпы медицина, әлеуметтік жұмыс, инженер, электроника және энергетика, педагог, шет тілі, көлік қызметі және логистика, құқық, туризм және т. б. мамандықтар бойынша оқуға түсті, – деді қала әкімі Алтай Көлгінов.
Сондай-ақ елорда басшысы бұл көмек жоғары білім алуға талпынған жастарға айтарлықтай қолдау болатындығын айтты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eighteen − eleven =