800 отбасы жаңа үйге көшеді

0 49

Нұр-Сұлтан қаласында ескі, апатты үйлерді сүру жұмыстары басталды. Биыл 800-ден астам отбасы жаңа және қауіпсіз үйге көшіріледі.Қазір Б.Бейсекбаев көшесінде орналасқан ескі үйлер күрелуде. Бұл үйлердің пайдалануға берілгеніне 70 жылға жуықтады. Жыл соңына дейін 1930 жылы салынған баспаналар сүріледі.
Жаңғырту бағдарламасы – қайтарылатын қаржы. Мемлекет күрделі жөндеуге қаржы бөледі. Кейін бұл 15 жыл мерзіміне дейін тұрғындардың арасында бөлінеді. Өткен жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 8 апатты үйдің тұрғындары көшіріліп, 90-нан астам отбасы жаңа пәтерге қоныстанды. Сонымен бірге үйлері мұнай базасына жақын орналасқан 39 разъезд тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × 1 =