800 азамат әскерге аттанды

0 91

Елордада биыл көктемгі шақыру комиссиясы наурыз-шілде айларында жұмыс істейді. Осы кезеңде 800-ден астам жігітті мерзімді әскери қызметке шақыру жоспарланып отыр.Наурыз айында елорданың әскерге шақырылушылары Шекара қызметі бөлімінің қатарын толықтырды. Жақында қалалық құрама пунктінен Ақтаудағы теңіз жаяу әскеріне бір топ жас сарбаз аттанды.
Елордада көктемгі шақыру комиссиясы шілде айына дейін жұмыс істейді. Көктемгі шақыру кезінде Нұр-Сұлтаннан 800-ден астам жас шұғыл қызметке аттанады. Оларды іріктеу үшін қаланың шақыру медициналық комиссиялары кемінде 9 000 мың әскерге шақырылушыны куәландыруы қажет.
18-27 жас аралығындағы барлық ер-азаматтар әскерге шақырылады. Денсаулық жағдайына байланысты кейінге қалдыруға немесе босатуға жататын жастардан өзгесі қабылданады.
Әрбір нақты шақырылушыға шақыру туралы шешімді комиссия­ның алқалы құрамы қабылдайды, оның төрағасы қала әкімінің орынбасары Асқар Әмрин.
ҚР «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына сәйкес, техникалық және кәсіптік, жоғары білімі бар және 6 ай қызмет өткерген мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге құқылы. Осылайша өзінің жұмысқа орналасу проблемасын шешеді» деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Артур Қасқарауов.
Қазір халыққа қызмет көрсету бойынша барлық рәсімдер, оның ішінде әскери билеттер мен тіркеу куәліктерін беру, түрлі анықтамалар, әскери есепке қою және одан шығару мемлекеттік қызметтерді көрсету шеңберінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалдары арқылы ғана көрсетіледі.
Мерзімді қызметке шақырудан жалтарғаны үшін заңнамада 1000-нан 3000 айлық есептік көрсеткішке дейін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × four =