8 мыңнан аса пәтер салынады

0 11

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Р.Қошқарбаев және Айнакөл көшелерінің қиылысындағы бірқатар әлеуметтік тұрғын үйлердің құрылысы барысымен танысты. Әлеуметтік пәтерлердің ауданы – 500 мың шаршы метр. Пәтерлер кезекте тұрған әлеуметтік ахуалы төмен азаматтар мен «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшыларына есептелген.Қала басшысы құрылыс барысында «қадамдық қолжетімділік» қағидасын ескеру қажеттігін қадап айтты. Жаңадан салынған тұрғын үйлер барлық жағынан ыңғайлы болуы тиіс. «Тұрғын үйлердің жанында адамдардың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін барлық нысандар болуы керек. Жаңа үйлердің бірінші қабатында балаларға арналған шағын орталықтар, емхана, полиция бекеті, оңалту кешендерін ашқан жөн. Сонда баланы балабақшаға не мектепке апару үшін қаланың басқа шетіне бару қажеттілігі туындамайды» деп түсіндірді А.Көлгінов. Оның айтуынша, биыл Президенттің тапсырмасы бойынша құрылыс көлемі үш есеге ұлғаяды. 2019 жылы 2900 тұрғын пәтер алса, биыл 8 мыңнан аса адам пәтерге ие болады.
Сондай-ақ елордада апатты және ескі үйлердің тұрғындарын көшіру жұмыстары жүріп жатыр. Жоспарға сәйкес, биыл 5 апаттық жағдайдағы үй бұзылып, 200-ден аса пәтер тұрғындары көшіріледі. Өткен жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 8 ескі үйлердің тұрғындары басқа жерге қоныстанды. 90-нан аса отбасы жаңа пәтерлерге көшті. Тұрғындарды көшіру жұмыстары 39 разъезде жүргізілді. Үйлер мұнай базасына жақын жерлерге орналасқан.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × four =