7411 үлескер пәтер алады

0 107

Елордада 2021 жылдың соңына дейін құрылысы бітпей қалған 57 көппәтерлі үйдің құрылысы аяқталып, 7411 үлескер көптен күткен баспанасын алады. 2022 жылы тағы 40 үй (2801 үлескер) және 2023 жылы 20 үй салынып бітеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Дәулет Досқұлов мәлімдеді.

2053cf32b43953119bbcdba938aaef11

«Елорда құрылыс» компания­сының басты қызметі – бітпей қалған құрылыс нысандарын салып бітіру және алданған үлескерлердің мәселесін шешу. Аяқталмай қалған нысандардың құрылысына Ұлттық қордан қайтарымды шартпен қаражат бөлінеді. Қаржының қайтарылуы проблемалық нысандарда уәкілетті ұйымның бос алаңқайларды және қаражатты беру, сондай-ақ әкімдік бөлген жер телімдерінде тұрғын үй кешендерін салу, үлескерлердің мүддесіне өндіріліп алынған ақша мен мүлікті беру арқылы қамтамасыз етіледі» деп түсіндірді Д.Досқұлов.

Құзырлы мекеме басшысы 2018 жылы елордада 150 үйдің құрылысы (52 нысан, 15 469 үлескер) тоқтап қалғанын, ал 2019 жылы әкімдік араласуымен 13 үйдің құрылысы аяқталып, 2534 отбасы қоныстойын тойлағанын хабарлады. «2020 жылы 20 үйдің құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды, соның нәтижесінде 2723 үлескер өз баспанасының кілтін алды. 2021 жылы әкімдік бақылауында 97 үй (10212 үлескер) және 20 донор-нысан болды. Бұл үйлер «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында салынып бітуі тиіс» деді ол. Үлескерлерге қатысты тағы бір ақпарат, 2021 жылдың басынан бері 24 үй салынып бітті, соның нәтижесінде үлескерлер саны екі есеге 3 224 адамға дейін азайды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four + 12 =