©2020 Астана Ақшамы
Елордада – электрлі автобустар
Биылғы жазда Астанаға алғашқы электрлі автобустар әкелінеді. Бұл туралы Қазақстандағы автомобиль бизнесі ассоциациясының президенті Андрей Лаврентьев мәлімдеді.
Осы айдың соңында электрлі автобустарды тестілеу басталады. Сол кезде олардың қысқы суыққа қаншалықты шыдамдылығы белгілі болады.
– Бұрын электрлі автобустар қымбат тұратын. Қазіргі таңда олардың бағасы қарапайым автобустарға қарағанда 10-20 пайызға ғана жоғары. Қарапайым автобустардың май, дизель отыны, қосалқы бөлшектер секілді шығындары болса, электрлі автобустарда ондай жоқ, – дейді А.Лаврентьев.
Бүгінде қалада электрлі көліктерді қуаттайтын 50 станса орнатылған. «Оператор РОП» компаниясы әзірлеп жатқан арнайы карталардың көмегімен электромобильдерді Астана, Алматы және Астана-Бурабай тасжолдарында қуаттауға болады.