«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Галышева – бірінші

0 141

Қазақстандық Юлия Галышева Канаданың Калгари қаласында өткен фрис­тайл-могулдан әлем кубогы кезеңінде жеңімпаз болды.

Финалда отандасымыз 79,10 ұпай жинап, бірінші болды. Екінші орынды иеленген франциялық Перрин Лаффонның көрсеткіші – 77,96. Ал 76,10 ұпаймен америкалық Джейлин Кауф үздік үштікті түйіндеді. Сондай-ақ бұл сайыста бақ сынаған тағы бір спортшымыз Аяулым ­Әмренова іріктеуден өте алмады.
«Дайындық жоспар бойынша жүрді, ерекше ештеңе болмады. Мен жоғары секіруді күрделендірдім, енді ұпай бойынша ешкімге жол бермеймін. Бұл мен үшін көптен күткен жеңіс еді. Калгариде топ жаруды көздедім. Алдағы кезеңдерде де осылай болады деп үміттенемін. Мен өз командамсыз бұған жете алмас едім. Олардың қолдауына ризалығымды білдіремін» деді Юлия Галышева.
Юлия Галышева желтоқсанда Финляндияның Рука қаласында өткен әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанған еді. Сол сында әлгі Перрин Лаффон ең үздік нәтиже көрсеткен.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды