«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Астанадан ауылға дейін…

0 120

Астана

Осы аптада елордаға 630 тонна көмір жеткізілді. Қазіргі таңда көмірдің жалпы қоры 11167,05 тоннаны құрайды.

Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданында баспасөз өкілдері өлкетану саяхатына шықты. Журналистермен бірге жергілікті тарихшылар Есік көлінде, Түрген шатқалында, «Есік» мемлекеттік тарихи-мә­дени қорық-музейінде болып қайт­ты.

Түркістан облысы

«Түркістан облысында агро­­өнеркәсіптік кеше­нін да­мы­тудың өңірлік бағдар­ла­ма­сы» аясында облыста ауыл ша­руашылығы өнімін өңдейтін 45 кәсіпорын іске қосылады. Бүгінге дейін өңірде 43 мың тонна сүт қайта өңделіп келсе, келешекте оның көлемі 92 мың тоннаға артады.

Жамбыл облысы

«ТаразГазӨнімдері» ЖШС шетелдік «Визон Инжиниринг ЛТД» компаниясымен бірлесіп, 16 млрд теңге тұратын Қарой ауылдық округінде сұйық газды қайта өңдейтін зауыттың құрылысын бастайды.

Қызылорда облысы

Н.Бекежанов атындағы қа­зақ музыкалық драма ­театры ха­лықаралық өнер фести­ва­­­ліне Р.Отарбаевтың «Нар­ком Жүргенов» драмасымен қа­ты­сып, «Ұлттық авторлардың үздік драмасы» атағына ие болды. Ал Сырым Әбдразақов бас кейіп­кердің бейнесін үздік сомдағаны үшін «Үздік ер адам бейнесі» номинациясы бойынша марапатталды.

Ақтөбе облысы

Ақтөбе қаласында ұлттық валюта – теңгенің 25 жылды­ғына орай ҚР Ұлттық Банкі­ Ақтөбе филиалының ұйым­дас­тыруымен «Теңге – бала­лардың көзімен» атты сурет бай­қауы­ның қорытындысы жария­ланып, үз­діктер марапатталды.

Шығыс Қазақстан облысы

Жыл басынан бері Ресейден ШҚО-ға 5 мыңнан аса турист келген. Бұл соңғы үш жылмен салыстырғанда 4,5 есе көп.

Солтүстік Қазақстан облысы

Петропавлда алғаш рет ми ісі­гіне шалдыққан науқасқа күр­делі ота жасалды. Осыған де­йін тек Астана, Алматы сияқ­ты қалалардың емдеу ор­та­лық­тарында ғана жасалатын күр­делі отаны білікті маман-дә­рі­герлердің арқасында өңір­лерде де жасауға мүмкіндік ашылып отыр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды