«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Аялы алақан жылуы

0 336

 Астананың 20 жылдық мерейтойы аясында «Бүгінгінің баласы – болашақтың данасы» атты ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың байқауы болды. Бұл – балалар шығармашылығының І республикалық фестивалі. Жоба авторы әрі режиссері – Бақытжан Тажинов.

Байқаудың пайдалы жағы – қатысушылардың әділқазы алқасының шеберлік сыныптарына қатысып, кәсіби білім алғаны.
Қостанай облысы Рудный қаласының тумасы Тимур Руш үшін бұл күн аса табысты бола кетті. Белгілі дизайнер, «Құрмет» орденінің иегері, «ZEKENMODA» сән үйінің негізін қалаушы Хайролла Абишев Тимурдың өнерін бірден байқап, оны өз сән үйіне жұмысқа шақырды. Ал баланың кәсіби маман болуы үшін Қазақ технология және бизнес университеті колледжіне тегін оқуға жолдама кепіл болмақ. Фестивальде топ жарып, бәйге иеленгендер мыналар: «Эстрадалық вокал» – Мұхитова Анастасия, Дмитриева Дария. «Көркем сөзден» – Денисов Николай, Ержігітова Айгүл. «Хореография» – «Виктория» ансамблі, «Асыл арман» ансамблі, «Заманауи ұлттық киім үлгісі» – Тимур Руш, «Халықтық қолөнер» – Сайбель Кристина. «Фотосурет» саласында – Камцерова Анна.
Байқаудың басты жетістігі – әке-шешесіз, қамқорлықсыз қалған балаларға үміт сыйлағаны. Олар бір күнге жеткен аялы алақанның жылуын сезінді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды