©2020 Астана Ақшамы
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті:
– ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге қазірден бастап дайындалу қажет. Мемлекеттік компания құрып, оның басшысын бекіту керек. Биыл біз жобалаудың барлық мәселесін аяқтап, құрылыс жұмыстарын бастауға тиіспіз. ЭКСПО-2017 көрмесін үшінші индустрияландыру революциясына өту орталығына айналдыру маңызды. Ол баламалы экономика, тиісті жоғары технологиялық материалдар жасау, жаңартылған энергия көздерін құру, мамандар даярлау және өзге мәселелерді қамтиды.