60 АУЛА АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ

0 112

аула

Елордада жыл сайын жаз маусымында аудандарды көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жандандырылады. Биыл аулалар, саябақтар мен скверлер жөндеуден өткізілмек. Қала күніне дейін жүзеге асырылған кейбір жұмыстар одан әрі жалғасын табатын болады. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметінен хабарлады.

2010-2013 жылдары Сарыарқа ауданындағы 707 ауланың 430-ы абаттандырылды. Сондай-ақ, 80 аулаға балаларға арналған ойын алаңдары орнатылды. Биыл ауданда 150 аула абаттандыру жұмыстарын қажет етеді. Қазіргі уақытта 50 аула жобаланса, 28 аулада бөлшектеу жүргізіліп, құрылыс-монтаждау жұмыстары қолға алынды.

Есіл ауданында биылғы мау­сымда 13 тұрғын үйдің ауласын абаттандыру жоспарланған. Аула ішілік аумақты абаттандыру дайындалған жобалар негізінде жүзеге асырылады. Есіл ауданында 500 шаршы метрлік балалар мен гимнастикалық алаңдарға резеңке жабын төселді, 10 гим­настикалық тренажер мен 8 ша­ғын архитектуралық форма (әт­кеншек, карусель, «Өрмекші» ойын кешені, құм салғыш және т.б.), сондай-ақ, 550 шаршы метрлік спорт алаңы орнатылды.

Қазіргі уақытта Алматы ауда­нында 20 аулада құрылыс-монтаждау жұмыстары қолға алынды. 13 ойын кешені, 18 құм­­салғыш, 18 кір жаятын орын, 6 спорт алаңы, 40 жарықтандыру тірегі, 194 орындық, 206 қоқыс жәшігі, 11 күрке орнатылады, 38 043,15 ш.м. аумаққа асфальт төселеді, 1589,92 ш.м. тротуарға кеспе тастар салынады. Бүгінде 7558,09 ш.м. өткелдер мен тұ­рақтар асфальт­талды, 300 ш.м. тротуарға кеспе тастар салынып, 1078,68 қума метр гүлзар қоршалды, 2 кір жаятын орын мен демалыс алаңы жасалды, 28 орындық, 29 қоқыс жәшігі, 7 жарықтандыру тірегі орнатылып, балалар алаңына 2 ойын кешені мен 27 шағын архитектуралық форма, 12 гимнастикалық тренажер орнатылды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × three =