«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

5G сынақтан өтуде

0 41

Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында 5G желісін сынақтан өткізу басталды. Мұндай ақжолтай хабарды Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин таратты.

615d49db063be068497555

«Біз Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 5G желісін сынақтан өткізу үшін жиілік диапазонын бөлген болатынбыз. Байланыс операторлары Нұр-Сұлтан және Алматының кей жерлерінде 5G желісін тест­тен өткізіп жатыр. Алғашқы көрсеткіштер жаман емес. Жоба жақсы нәтиже көрсетуде» деді министр.

Елімізде 5G желісінің стандартын енгізу бастамасы осыдан 2 жыл бұрын көтерілген еді. Содан бергі аралықта «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы 5G желісін бірқатар ірі қалаларда қанатқақты режимде сынап көрді.

Салалық ведомствоның мәліметінше, келер жылы республикалық маңызға ие қалалар толығымен 5G-ға кезең-кезеңімен көшеді.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды