©2020 Астана Ақшамы
70 мектепте роботтехника сыныбы ашылды
«Ғылым мен техника саласындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында бүгінгі күні елорда мектептерінің материалдық-техникалық жағдайлары жоспарлы түрде жақсартылуда» деді Әсет Исекешов халықпен өткізілген есеп беру кездесуінде.
Қазір қаланың 70 мектебінде роботтехника сыныбы ашылды. Жыл аяғына дейін барлық мектептер роботтехникамен жабдықталатын болады.
«3D-принтер және инженерлік жабдықтармен жасақталған STEM-зертханасы жұмыс істей бастады. Биыл тағы 10 мектеп пайдалануға беріледі. Халықаралық сертификатты IT- маман даярлауға мүмкіндік беретін CISCO академия желісі іске қосылды, деді Астана әкімі.