55 көшеде жөндеу аяқталды

0 9

Биыл 150 көше жөнделеді, оның 100-і – тұрғын алаптарда, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты. Қаланың орталық көшелерінде 32,5 км жол жөнделді.27 көшеде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды, олар: Қ.Сәтбаев, әл-Фараби (Байырқұм к-сі), Угольная көшесінің жалғасы, Кенесары, А.Байтұрсынов, Таха Хусейн, Асан қайғы, С.Торайғыров көшелері, Тұран даңғылы, Достық, Д.Қонаев, Түркістан, Ақмешіт көшелері, 319 (BI Village-ға баратын жол) к-сі, М.Мақатаев көшесінің жалғасы (арнайы көлік жолы), Нұрлыжол к-сі, Нұржол бульвары, Сауран к-сі, Абай даңғылы, Бөгенбай батыр даңғылы, Жеңіс даңғылы, Конституция к-сі, Шұғыла к-сі, Бұхарбай батыр к-сі, Мәскеу к-сі, «Тұлпар» көпірінің бұрылысы, Ы.Дүкенұлы к-сі.
Тоғыз көшеде (10,93 км): Амман к-сі, Шарль де Голль к-сі, Алаш тас жолы, Оқжетпес к-сі, Бейбітшілік к-сі, Р.Дүйсен­баев к-сі, Бабатайұлы к-сі, М-2 көпірі өткелі, Сарайшық көшесі бойындағы жергілікті өткел. Тұрғын алаптарда 28 көшеде жұмыстар аяқталды. Атап айт­қанда, Балуан Шолақ к-сі, М.Төлебаев к-сі, А.Байтұрсынов көшесінің кіреберісі, Сүтбұлақ к-сі, Марқакөл тұйық к-сі, Қарасаз к-сі, Нұрлы тұйық к-сі, Ақберген тұ­йық к-сі, Орхон к-сі, Шырайлы, Сайрам, Ақбидай, Кеңшалғын көшелері, Ақпан тұйығы, Жолымбет к-сі, Аққайың к-сі, Сандықтас тұйық к-сі, Қайрақты тұйық к-сі, Арқарлы, Беласар, Қырыққыз көшелері, Маралсай тұйық к-сі, Желдірме тұйық к-сі, Қоғалы тұйық к-сі, Қамажай тұйық к-сі, Аққорған, Аққайың («Көктал-1» ТА), Тайсойған көшелерінде жөндеу жұмыстары жалғасуда.
Тағы 35 көше: Қапал, Арғанаты, Келес, Кемел, Майдақоңыр, Әлқисса, Алпамыс көшелері, Өндіріс көшесі Ақбидай көшесінен Үшқоңыр көшесіне дейін, Ақшағыл, Мусоргский көшелері, Гүлзар тұйық к-сі, Киелісай, Бестау, Кеншілер, Найзатас, Арнасай, Жаңа әуежай көшелері, Атакент тұйық к-сі, №52 өткел, Қызылсу, Бесағаш, Қашаған көшелері, Рауан тұйық к-сі, Рауан 1 тұйық к-сі, Рауан 2 тұйық к-сі, Шыршық тұ­йық к-сі, Қараой тұйық к-сі, Сүмбе тұйық к-сі, Басықара батыр, Сонар, Сырғалы, А.Үлімжіұлы, Кербезқыз, Шарбақты көшелері, Балтакөл тұйығында жөндеу жұмыстары жалғасуда.
Биыл бөлінген қаржы аясында жалпы ұзындығы 100 шақырым болатын 150 көшеде жөндеу жүргізілуде. Соның аясында 50 орталық көшеде (58,6 км) және тұрғын алаптардағы 100 көше (41,4 км) жөнделеді. Мысалы, Өндіріс тұрғын алабы – 16 көше, Кирпичный – 12 көше, Агроқалашық – 21 көше, Көктал-1 – 12 көше; Промышленный – 8 көше, Оңтүстік-шығыс (оң жақ) – 18 көше және т. б.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × four =