500 мың бала тегін демалады

0 8

Қазақстанда мектеп жасында 1-10-сынып аралығында 3 миллион 400 мыңнан астам бала бар. Биыл сол балалардың 76 пайызы жазғы лагерьлерге барады. Ал жарты миллионға жуық бала тегін демалады.Білім және ғылым министр­лігі Балалар құқықтарын қорғау комитетінің басқарма басшысы Гүлназ Ташқарованың айтуынша, былтыр көп лагерь жұмыс істемеді. Жергілікті органдардың мәліметіне сәйкес, биыл 12 мыңға жуық лагерь ашу жоспарланып отыр. Нұр-Сұлтан қаласы секілді «қызыл аймаққа» кірген бірнеше өңірлерде лагерьлердің жұмыс істеуіне тыйым салынған. Бірі жұмысын маусымның 7-8 күндері бастаса, енді бірі маусымның 15-16-сы жұмысына кіріспек. Алайда пандемияға байланысты жазғы лагерьлерге кіру үшін ПТР-тест тапсыру міндеттеліп отыр. Әсіресе, қала сыртындағы лагерьлерге сондай талап қойылған. Тест ақысын баланың ата-анасы төлейді. Ал Білім заңында бекітілген 9 санат бойынша кіретін балаларға жергілікті атқарушы органдар төлеуі тиіс. Ал тегін жазғы лагерьге бару үшін egov арқылы өтінім беру керек.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

15 − five =