500 кереуетпен толықты

0 28

Елордадағы № 3 көпсалалы қалалық аурухананың «Рамада Плаза» жұқпалы аурулар стационарына 500 көпфункциялы кереует алынды.Заманауи талаптарға сай кереуеттер дәрі-дәрмек штативтерімен жабдықталған. Олар пайдалануға өте ыңғайлы және еркін қозғалады. Бүгінде қалада 4 мыңға жуық төсек-орындық 16 стационар жұмыс істеп тұр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен елорданың ауруханалары мен емханаларына коронавирус пен пневмонияны емдеу үшін қосымша медициналық жабдықтар түсті. Олардың ішінде 150 флуометр, 350-ден астам оттегі концентраторы бар. Таяу күндері тағы өкпені жасанды желдетуге арналған 50 аппарат келіп түседі. Жақын күндері қала ауруханалары мен емханаларына тағы 250-ден астам оттегі концентраты, 350 флуометр, 2 компьютерлік томограф және т.б. жабдықтар әкелінбек. Сонымен қатар, қаладағы дәріханаларға коронавирус пен пневмонияны емдеу үшін 80 тоннадан астам дәрі-дәрмек жеткізілді. Бұл гуманитарлық жүк саналмайды, дәріханалар желісі дистрибьютерлерінің қаржысы есебінен алынған. Әкімдік тарапынан оларға дәрі-дәрмекті сатып алуға қаржы бөлініп, көлікпен жеткізуге көмек көрсетілуде. Бүгін-ертең қалаға қосымша дәрілер жеткізілмек.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 + 9 =