Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1164

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1165

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1166

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1177
«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

5,5 млн түп гүл егіледі

0 447

«Гүл өссе жердің көркі» дегендей, жақында гүл егу науқаны басталады. Көшелерді қызылды-жасылды гүлмен көмкеру әсем шаһардың шырайына шырай қосып, әдемілігін әрлей түсетіні анық.

«Астана-Зеленстрой» мекемесінің жылыжайына арнайы барып, мамандардан қаланың қалай гүлденетінін сұрап білдік. Аталмыш компанияның бас агрономы Бақ­тияр Шаймұханбетов пен гүл өсіруші Мария Царева өз­дерінің жұ­мыстары жайлы ке­ңінен әңгімеледі. Олардың сөзіне сүйенсек, биылғы маусымда қаладағы гүл бақтары мен саябақтарға, көшелерге, жолдардың жиектеріне 5,5 млн түп гүл егіледі. Осыншама гүл қаланың 15-16 гектар жерін қамтиды екен.
– Гүл көшеттерін отырғызу науқанын мамырдың 20-нан бастауды жоспарлап отырмыз. Биылғы науқанды ауа райының қолайсыздығына байланысты жылдағы уақыттан шамамен 5-7 күнге кештеу бастаймыз. Өткен жылмен салыстырғанда үйреншікті пайдаланылатын гүл түрлерінен бөлек миксбордер отырғызу техникасы қолданылады. Бұл – өзіндік күрделі көпқатарлы және көпқабатты отырғызылған өсімдіктерден тұратын, ерте көктемнен бастап қоңыр күзге дейін үздіксіз гүлденуді қамтамасыз ететін гүл бағы. Сонымен қатар биыл бірнеше жаңа раушангүл сұрыптарын қолданысқа енгізу ойымызда бар, – дейді Бақтияр Шаймұханбетов.

Бас агрономның айтуынша, қаладағы гүлзарларға биыл да әдеттегіше петунья, тагетес, остеоспермум, пеларгония, портулак, львинный зев сияқты бір жылдық гүлдердің 50-ден аса түрі мен хоста, бөлінген рудбекия, эшольция, бақша түймедағы, бақша пионы, лилейлы, ірі гүлді кореопсис, қоңырау гүлтығыз сынды көпжылдық гүлдердің 30-дан аса түрі егілмек. Қазіргі уақытта жылыжайда 90 адам жұмыс істейді. Олар жеті күн бойы таңғы сағат 7-ден кешкі 7-ге дейін гүл көшеттерінің күтімімен айналысуда. Ал гүлдендіру маусымындағы қызу науқан кезінде шамамен мыңға жуық жұмысшы жұмылдырылмақ. Егу нау­қаны маусым айының соңына дейін созылатынын айтады мамандар.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды