42500 теңгені кім және қалай алады?

0 290

Қазіргідей қысылтаяң шақта, әлемді шарлап барып, елімізге тосыннан жеткен аты жаман індетпен күрес жүргізіліп жатқан кезде, халықтың еңсесі түспеуі үшін әртүрлі топтардағы азаматтарды әлеуметтік қолдауды күшейту аса маңызды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 23 наурызда табысынан айырылған адамдарға ең төменгі жалақы мөлшерінде қолдау көрсетуге тапсырма берді. Осы аптаның басынан Нұр-Сұлтан қаласында 42500 теңгені құрайтын бұл әлеуметтік көмек төлене бастады.

Президент сейсенбі күнгі мәлімдемесінде осы көмекті алатын азаматтардың санатын кеңейтуді тапсырды. Соның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған және ресми тіркелмей еңбек ететін адамдарға берілуі тиістігін айтты. Бір ескеретін жағдай, өзін-өзін жұмыспен қамтығандар осы уақытқа дейін әлеуметтік немесе зейнетақы жарналарын төлеген болуы керек. Ал бейресми еңбек ететін азаматтар қатарына такси жүргізушісі, бала күтуші және тағы басқа осыған ұқсас өздігінен жұмыс істейтін адамдар жатады. Оларда қандай да бір аударымдардың болуы міндеттелмеген.
Қазіргі кезде осылармен бірге аталған көлемдегі әлеуметтік көмекті жұмыс беруші жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберген қызметкерлер, жалдамалы жұмыс­керлер алуға құқылы. Жұмыстан айы­рылған азаматтарға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көмектесуге дайын. Егер олар жұмыс таба алмаса, бұл санаттағы адамдарға әлеуметтік төлем тағайын­далуы мүмкін.
42500 теңгені алу үшін қандай да бір мекемеге барудың қажеті жоқ. Жәрдем­ақыны egov.kz порталында тіркеу арқылы рәсімдеуге болады. Яғни, электронды өтініш беріп, тиісті көмекті ала алады.

 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × two =