30 суретшінің 30 жылдыққа тартуы

0 11

Қазақстанның бейнелеу өнерін әлемге насихаттап жүрген еліміздің әр аймағындағы танымал суретшілердің шығармашылығын дәріптеуді көздеген «Тәуелсіздік көкжиегі» атты көрме Ұлттық музейде онлайн және оффлайн форматта өтуде.Нұр-Сұлтан қаласы Суретшілер одағының төрағасы Өмірәлі Исмаилов көрменің ашылу салтанатында суретшілердің қылқаламынан шыққан небір ғажап туындыларды тамашалауға шақыр­ды. «Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен тұспа-тұс келген «Тәуелсіздік көкжиегі» атты көрменің ашылуы өтуде. Бұл – суретшілер үшін айтулы күн. Қазақстан Рес­публикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырған бұл көрмеде сіздер бояу болмысын ұғуға ұмтылған қылқалам шеберлерінің туындыларын тамашалайтын боласыздар. Елiмiзде осындай көрмелер көп бола берсiн» деді Ө.Исмаилов.
Аталған көрмеде суретшілердің кескіндеме, графика және мүсін жанрындағы әртүрлі техникамен орындалған 60-тан астам туындылары экспозицияланып, қылқалам шеберлері өз шығармашылығында Қазақстанның тарихын, мәдениеті мен табиғатын таныстырды. Шара барысында аймақтан келген суретшілер өзара пікір алмасып, осындай кездесу ұйымдастыруға мұрындық болған музей ұжымына алғыс­тарын білдірді.
Еске сала кетейік, «Тәуелсіздік көкжиегі» атты сұлулық пен әсемдікке толы көрмені өнерсүйер қауым 28 маусымға дейін тамашалай алады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nine + fourteen =