30 000 бетперде таратылды

0 73

Кеше қала тұрғындары арасында індеттің алдын алуға және халықты сақтандыруға арналған іс-шаралар өтті.Есіл өзенінің жағалауында, Арбатта және Орталық саябақта Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» мемлекеттік мекемесі қалалық волонтерлер штабымен бірлесіп, тұрғындарға бетперделер тарату акциясын өткізді. Акция қаланың барлық сауда ойын-сауық орталықтарында, саябақтарда және де автобус аялдамаларында жүргізілді. Акция аясында адамдар көп шоғырланатын орындарда 30 000 бетперде таратылды. Акцияның басты мақсаты – сақтық шараларын сақтамау адамдарға тек өз өмірлеріне ғана емес, жақындарының өміріне де қауіп төндіретінін түсіндіру. Бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жалғасады. Қауіпсіздік бәрінен маңызды!

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

ten − six =