28073 отбасына қаржылай көмек көрсетіледі

0 13

Nur Otan партиясы елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Каналимов әлеуметтік желідегі тікелей эфирде Елбасының бастамасы бойынша наурыз айының соңында бастау алған «Біз біргеміз» республикалық акциясының бірінші толқынын қорытындылап, акцияның екінші толқыны жайлы әңгімеледі.Екі сағаттан астам уақыт ішінде 1000-нан астам сұрақ келіп түскен. Сауалдардың басым бөлігі «Birgemiz» қоғамдық қорынан төленетін төлемдерге, халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарын азық-түлік себеттерімен қамтамасыз етуге қатысты, сондай-ақ көптеген тұрғындар партиялықтарға азық-түлікті жасақтау мен тасымалдауға қалай көмектесуге болатынын білді.
«Елорда бойынша азық-түлік себетін барлығы 11 мыңға жуық отбасы алады. Бүгінгі күні құны 127 млн теңге болатын 8472 жиынтық таратылды. Сондай-ақ тұрғындарға акцияның екінші толқыны басталғандығы туралы айттым, оның аясында 28073 отбасына 1,4 млрд теңге көлемінде көмек көрсетіледі. Қаражатты аудару 2020 жылдың 27 сәуірінде, дүйсенбі күні мынадай санаттар бойынша басталады: аз қамтылған отбасылар, соның ішінде көпбалалы отбасылар (АӘК алушылар), көмекке мұқтаж мүгедектер (1, 2 топ және мүгедектігі бар зейнеткерлер, АӘК алушылар), мүгедек баланы күтуді жүзеге асыратын тұлғалар (АӘК алушылар), зейнеткерлер (ең төменгі және одан төмен зейнетақы алатын), жетімдер, ҰОС қатысушылары мен ҰОС мүгедектері және оларға теңестірілгендер, тыл еңбеккерлері» деді Ерлан Каналимов.
Сондай-ақ ол карантин басталғалы бері Нұр-Сұлтан қаласының аумағында жалпы құны 25 млн теңгені құрайтын 16 мың бөтелке антисептиктер (блок-бекеттер, медициналық мекемелер, әлеуметтік қорғау басқармасы ұйымдарына, қарттар үйі, балалар үйі және т. б.) таратылғанын айтты. 1,5 млн данадан астам медициналық маскалар халықтың әлеуметтік осал топтарына, сондай-ақ медициналық мекемелерге берілген.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × one =