28 млрд теңге игерілмей қалған

0 30

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджет қаражатын игермеген министрліктер мен өңірлерді атады.

«Мемлекеттік бюджеттің шығыстары – 98,8%, республикалық бюджеттің шығыстары – 99,5%, жергілікті бюджеттердің шығыстары 98,4% атқарылды. Республикалық бюджеттің шығыстары 9 трлн 251 млрд теңгені құрады. 45 млрд теңге атқарылмаған. Оның ішінде 17 млрд теңге үнемделіп, 28 млрд теңге игерілмеген» деді министр Үкімет отырысында.
Әсіресе Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде, Жоғарғы Сот, Қаржы және Білім және ғылым министрліктерінде ірі сомалар игерілмеген. Жергілікті бюджеттердің шығыстары 4,9 трлн теңгені құрады. Мұнда 80 млрд теңге атқарылмаған. Бюджет қаражатын игермеген өңірлердің қатарында Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда және Ақмола облыстары бар.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen − 14 =