250 бірлестік құрылды

0 10

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында елордада 250 мүлік иелері бірлестігі құрылғанын жазды.

«Тұрғын үй кешендерін салып, оларды су, электр, кәріз және т. б. инженерлік желілерге қосу жеткіліксіз. Үйді күтіп-ұстау маңызды. Тұрғын үй кешеніне сапалы қызмет көрсетілсе, ол ұзақ уақыт тұрады. Қазір елордада бүкіл елдегі сияқты ПИК-тен (пәтер иелерінің кооперативі) МИБ-ке (меншік иелері бірлестігі) көшу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Осы уақытқа дейін елордада 250 МИБ құрылды. Мұны құру қала тұрғындарына төрағаны, үй кеңесін және тексеру комиссия­сын таңдауға мүмкіндік береді. Тұрғындар қаражаттың жұмсалуын бақылай алады, тұрғын үй кешенін дамыту, абаттандыру, көгалдандыру және т. б. жоспарына қатысты шешім қабылдай алады. МИБ басшылары үй шаруашылығының маңыздылығын түсініп, қабылданған шешімдер үшін жауап беруі керек.
МИБ-ке көшудің маңыздылығын ескере отырып, қалалық акселератор алаңында ТКШ саласындағы сарапшылар қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін оған көшуді орталықтандыруды ұсынды. Осылайша қажетті ақпаратты алудың балама әдістерінің бірі – Iqamal МИБ орталығы. Онда ТКШ саласында заңдық, консультациялық және техникалық көмек алуға болады. Карантиндік шектеулер кезеңінде 400-ден астам онлайн-жиналыс өткізіліп, МИБ мәселелері бойынша көмек көрсетілді.
Бұдан басқа, апта сайын тұрғын үй саласында қызметтер көрсету жөніндегі бірыңғай орталығымыздың базасында (Республика даңғылы, 32) мүліктің меншік иелері үшін кеңестер көрсетіледі» деп жазды елорда әкімі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nineteen + six =