24 ҚЫРКҮЙЕК – ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК!

0 380

erm_9808

12 қыркүйектен 12 қазанға дейін елорда аумағын санитарлық тазарту, абаттан­дыру мен көгалдандыру бойынша күзгі экологиялық айлық өткізіледі. 24 қыр­күйекте «Астана – таза қала!» жалпы­қалалық сенбілігі ұйымдастырылады.

Жалпықалалық сенбілік кезінде 7000 ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Көшелер, тротуарлар мен орамішілік аумақтар тазартылады, ағаштар отыр­ғызылып, нөсер мен арық кәріз жүйелері тазаланады.

Сондай-ақ. саябақтар мен гүлбақтарда жасыл көшеттерді күту бойынша маусымдық агротехникалық жұмыстар жүргізіледі, гүлзарлар абаттандырылады.24 қыркүйек күні өтетін жалпықалалық сенбілікке 89 мыңнан астам адам шығады деп жобалануда. Оның ішінде қалалық кәсіпорындар мен ұйымдар, медицина және білім мекемелері бар.

Бұл шара елорданың тазалығын сақтап, бас шаһарды одан әрі көрікті әрі жұртшылықтқа қолайлы, жайлы ету мақсатында өткізілп отыр. Оған күллі қала тұрғындары белсене атсалысатынына сенеміз!

Жалпықалалық сенбілік аясында Есіл, Ақбұлақ және Сарыбұлақ арналарын қоқыстан және тұрмыстық қалдықтардан тазарту мақ­сатында «Таза өзендер!» эко­логиялық шарасы өтеді.

erm_0087

Сенбілікке 89 мыңнан астам адам шығады деп күтіліп отыр. Соның ішінде 4000 кәсіпорын мен ұйым, 45 жоғары және арнаулы оқу орны, 133 мектеп және балабақша, 73 медицина ұйымы, 133 мемлекеттік мекеме, ведомстволар мен ұлттық компания қатыспақ. Ал елорданы тазалауға жұмылдырылатын техниканың ұзын-ырғасы – 429.

Астанаға жаңадан отырғы­зылатын жасыл желек Алматы ауданында ҚР Ұлттық музейі аумағына, Есіл ауданында – «Хан Шатыр» СОО айналасына, сондай-ақ, Еңбекшілер көшесінен «Тельман» тұрғын алабына дейін, Сарыарқа ауданында – Сарыбұлақ өзенін жағалай егіледі.

Экологиялық айлық кезінде апта сайын «Көше көркі – Астана көркі», «Қоршаған ортаны аялайық!», «Астана – әсем қала!» ұрандарымен өндірістік кәсіпорындардың және басқа да ұйым­дар қызметкерлерінің қатысуымен сенбіліктер ұйым­дастыру бойынша шаралар өтеді.

Көшең таза болса, көңілің таза. Елордада жыл сайын сенбілік өткізу дәстүрі қалыптасқалы қашан. Кейінгі жылдары оған қатысушылардың саны артқаны қуантады.

Астана – бәріміздің ортақ шаһарымыз. Оның айнадай таза әрі әсем болуына бәріміз де мүдделіміз. Демек, қала тұрғындары сенбілікке белсене атсалысатынына күмәніміз жоқ.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × 4 =