2016 жылы Астанада жаңа балабақшалар салынбақ

0 146

2016 жылы мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі орын тапшылығын оңтайландыру мақсатында Көктал кентінде 200 орындық балабақшаны, Үркер ықшам ауданында 240 орындық балабақшаны және балалар бақшасына қосымша 60 орындық қосалқы ғимаратты салу жоспарланып отыр.

Жалпы орта білім беру саласында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану бойынша қаланың 15 мектебінде жетінші сыныптардың ағылшын пәндерінде «Apple Lab Astana» бағдарламасын енгізу бойынша жұмыстар жалғасын табады. Қаланың 42 мектебінде «Биоинформатика және Синергетика» сапаны басқару технологиясы бойынша жұмыстар жалғасады.

Техникалық және кәсіби білім беру бағытында заңнамалық негізде ТжКБ оқыған жылдарды жұмысқа мамандық бойынша орналасу кезінде, КДДБ (кәсіби дайындық деңгейін бағалау) сертификаты болған жағдайда қызметтік өтіл ретінде есептеуді енгізу жоспарда бар.

Біртіндеп ТжКБ ұйымдарына автономия берілетін болады. Сонымен қатар, еңбек нарығын бағдарлайтын және зерттейтін дербес орган құрылып, жұмыс берушілер үшін де, кәсіби білім беру жүйесі үшін де мамандықтардың бірегей жіктеуіші дайындалып, жасалатын болады.

astana-akshamy.kz

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × 5 =