2016 жыл

0 33

2016 жылы ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл толды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған декларация қабылданды. Астанада «Бейбітшілік пен келісімнің 25 жылы» атты фестивалі, мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтті. Бұл жылы жаңа жер реформалары болды. Елорданың ғана емес, елдің әлеуетін көтеретін өндіріс орындары ашылды. Мәдени-рухани құндылықтар дәріптелді. Осындай ел бедеріндегі елеулі оқиғалар басылым бетінде жарық көрді.

ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ

2016 жылғы басылымның тарихи ерекшелігі – ел тәуелсіздігінің 25 жылдығын тереңнен қозғаған. «Тәуелсіздікке тарту» айдарымен циклді мақалалар жарияланып отырған. Сондай-ақ мерейлі мереке астанадағы «Сарыарқа» республикалық велотрегінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің ­ЭКСПО қалашығында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған монумент ашылды. Еңбегі сіңген азаматтарға «Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл» төсбелгісі табысталды. Тәуелсіздік мерекесіндегі осындай маңызды шаралар басылым бетінен ойып орын алды.

САЙЛАУ ӨТКЕН ЖЫЛ

Бұл жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс және түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы өтті. Парламентке «Нұр Отан», «Ақ жол», «ҚКП» партияларының өкілдері өтті. Бұл Қазақстан тарихындағы жетінші парламенттік сайлау еді. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллин болды. Бұған де­йін ол Президент әкімшілігінің басшысы қызметін атқарған. Астана қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау 25 округ бойынша жүргізіліп, 56 үміткер сайлауға түскен. Басылымның кейінгі нөмірлерінде сайланған депутаттардың жұмыс барысы да жарияланып отырды.

ЖЕР РЕФОРМАСЫ

2016 жыл ел тағдыры – жер тағдыры сынға салынған жыл болды. Бұл жыл жаңа жер реформалары болды. Елбасы Нұрсұлтан ­Назарбаев Жер кодексіне 2021 жылдың соңына дейін түзетулер енгізуге 5 жыл мораторий жариялады. Сонымен қатар жер реформасына қатысты республикалық комиссия құрылды.

АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ

1 наурызда тұңғыш рет алғыс күні мерекеленді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Алғыс айту күні мерекесі елімізде бірінші рет тойланып, елорда оқушылары мен этномәдени бірлестік мүшелері мерекені Ұлттық музейде кеңінен атап өтті.

ІСКЕРЛІК КЕЗДЕСУЛЕР

2016 жыл елорда басшысының іскерлік кездесулерімен де есте қалды. РФ Пенза облысының губернаторы Иван Белозерцев бастаған делегацияның келуі екі жақты сауда-экономикалық және әлеуметтік-мәдени қарым-қатынастарды дамыту мәселелері талқыланса, Сочи қаласының мэрі Анатолий Пахомовтың келуі турис­тік тартымдылығын арттыруды көздейтін өзара ынтымақтас­тық орнату және осы салады тәжірибе алмасу туралы келісім жасауға негіз болған. Бұл жылы Челябі облысының Астанадағы күндері, сондай-ақ тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында Мәскеуде Астананың күндері өтті. Осындай ресми шаралар басылым бетіне арнайы тақырыптармен жарияланып отырған.БҰРЫМДЫЛАР ЖЕҢІС ТУЫН КӨТЕРДІ

2016 жыл астанада бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өтті. Бұрымды боксшылардың байрақты бәсекесінде қазақ арулары 4 алтын, 2 қола медаль олжалап, Қазақстан құрамасы командалық есепте бірінші орынды иеленді. Бұл бұрын болмаған толағай жетістік делінген мақалада.

ТҰРМЫСҚА ҚАЖЕТТІ ТАУАРЛАР

2016 жылдың 1шілдесінде Астанада «Ipek Kagit Central Asia» ЖШС-нің санитарлық-гигиеналық және тұрмысқа қажетті қағаз өнімдерін өндіру зауытын іске қосты. Зауыт жұмысы индустриал­ды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының іске асыруға арналған жалпыұлттық телекөпірде таныстырылды. Оған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Серіктес­тік жылына 16400 тонна өнім шығарады делінген. Кәсіпорынның директоры Фатих Дырыктің айтуынша, сол жылы зауытта 53 адам жұмыспен қамтылған. Зауытта шығарылған өнімдер отандық сұранысты ғана өтеп қоймай, алыс-жақын шетелдерге де экспортталатыны айтылған.БІРЕГЕЙ КОМБИНАТ

2016 жылы елордадағы Индус­триалды парк аумағында «GLB» үй құрылысы комбинаты ашылды. Бұрын-соңды Қазақстанда осы саламен айналысатын толық циклды бірде-бір зауыт болмаған. Жаңа нысанның басты ерекшелігі де сонда дейді автор.

БАЛАМАСЫ ЖОҚ БІЛІМ ОРДАСЫ

2016 жыл бедерінде еліміздің және елорда тарихында мәдени-рухани шаралар көп болды. Соның бірі – Астанада Орта Азия бойынша баламасы жоқ оқу ордасы Қазақ ұлттық хореография академиясының ашылуы. Бұл жерде ұлттық балет пен би шеберлерінің жаңа шоғыры оқып-тәрбиеленеді. Мұнда қазақстандық салт-дәстүр дамып, әлемдік деңгейдегі би өнерін дамытуға жаңаша қадамдар жасалатын болады. Ұлттық хореография академиясы – біздің елімізде ғана емес, бүкіл Орталық Азия елдеріндегі осы үлгідегі алғашқы жоғары оқу орны. Онда қазақстандықтармен бірге шет елдердің шығармашыл дарынды жастары оқитыны айтылған.АСТАНА-ТРИАТЛОН – ЕРЕКШЕ ПАРК

2016 жылы елордада ерекше спорт нысаны – Астана-Триатлон паркі ашылды. Спорт кешенінде Стрит воркаут алаңқайы, балаларға арналған алаңдар, теннис корты мен жеңіл атлетикалық манеж ашу да жоспарланған.
Атшаптырым алқапты алып жатқан спорт нысаны салауатты өмір салтын қолдайтындар үшін тамаша тарту болды. Мұндай ­спорт нысаны тек қана елімізде емес, ­ТМД елдері бойынша тұңғыш ашылып отырғанын атап өткен жөн.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

14 − 10 =