200 қызметкер жетіспейді

0 26

Күн тәртібіне сәйкес қалалық мәслихаттың депутаттары елордадағы полиция басқармаларының учаскелік пункттерін аралады.Депутаттар бірінші кезекте ­патрульдік полиция полкіне барды. Ғимараттың ішін аралап, штаттағы қызметкерлер санын саралап, жұмысқа қажетті құрал-жабдықтарының қаншалықты түгел әрі сапалылығына мән берді. Одан әрі Сарыарқа ауданы полиция басқармасының №24 учаскелік пунктінің ғимаратына, Байқоңыр ауданы полиция басқармасы №14 учаскелік пунк­тіне, Алматы ауданы полиция басқармасының №9 және №10 учаскелік пунктінің орналасу аумағы бойынша жұмыс барысын көрді. Күнделікті аймаққа байланысты учаскелік полиция инпекторларының қарастыруы бойынша 30-дан аса арыз-шағымдар түсіп қаралады. Аралау барысында қала аумағындағы 32 учаскелік полиция пунктінің ішінде тек 5 пункт қойылған барлық талаптардан шығатындығы айтылды. Учаскелік пункттер орналасқан ғимараттардың көбі ескіріп, көктің иісі шыға бастағаны бірден депутаттардың назарын аударды.
Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті жергілікті полиция қыз­метінің бөлім бастығы Азамат Садықовтың айтуынша, қалада 334 учаскелік полиция инспекторы, оның ішінде 25 учаскелік полиция көмекшісі және 32 жауапты қызметкер бар. Қазіргі уақытта әлі де қала аумағын толығымен қамту үшін 200 учаскелік полиция инспекторы жетіспейді. «Алдағы мәслихат отырысында бүгінгі жұмыс барысындағы мәселелер, учаскелік полиция қызметкерлерінің ұсыныс­тары ескеріліп, алдағы уақытта қандай іс-шаралар атқарылу керек екені талқыланып, өз шешімін табады» деді Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы міндетін атқарушы Мәжит Шайдаров.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fifteen − 3 =