200 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ТАМАШАЛАДЫ

0 94

Елорда төрінде дүйім елдің басын қосқан көрмеге 205561 адам келген.  Олардың 26 мыңнан астамы – шетелдік қонақтар. Жалпы, алғашқы он күн ішінде көрмеге кіріп-шығу көрсеткіші  1 миллион 57 мыңнан асқан.

erm_9784

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Нұр әлем» – келушілерді ең көп қабылдаған ұлттық павильон. Сонымен қатар, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері, Үндістан, Малайзия, Өзбекстан, Түркия Ресей, Таиланд және Жапония павильондары танымалдық бойынша көш бастап тұр. Осы уақытқа дейін ЭКСПО қалашағында 281 мәдени, ойын-сауық, іскерлік шаралар өткізілген екен.

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының коммерцияландыру департаментінің директоры Дәулет Еркімбаевтың айтуынша, көрме аумағында сатылған кәдесыйлардың құны 28 млн теңгені құраған. Осы уақытқа дейін 1,5 млн билет сатылса, қоғамдық тамақтану орындарында 80 млн теңгенің азық-түлік өнімдері тұтынылған. Қауіпсіздік мәселесі туралы сөз алған ұлттық компанияның Қауіпсіздік департаментінің директоры Рүстем Чакенов көрме кезінде ешқандай тәртіп бұзушылық тіркелмегенін алға тартты.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eight + twenty =