200 мың отбасы азық-түлікпен қамтылды

0 30

«Зекет» қоры демеушілердің көмегімен еліміздің ауруханаларын 255 оттегі желдеткіш аппараттарымен қамтамасыз етті. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы онлайн брифингте мәлімдеді.«Ел басына күн туғанда асарлатып, жылу жинап, қайырымдылық ісінде шет қалмаған халықпыз. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Зекет» қоры «Өмірге үміт сыйла» шарасын ұйымдастырып, жамағат, демеуші азаматтардың көмегімен 255 дана оттегі желдеткішін еліміздегі ауруханаларға жеткізіп бердік. Мұнымен қоса діни басқарманың мұрындық болуымен 200 мыңнан аса отбасыға азық-түлік, 42 мыңнан астам медициналық бетперде таратылды. Осы істі жүзеге асырған дін қызметкерлеріне және кәсіпкер азаматтарға Алла разы болып, ізгі амалдары сауаптан болсын дегім келеді» деді ҚМДБ төрағасы.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

8 + fifteen =