20 жылдыққа – 20 тал

0 12

Елорданың сол жағалауындағы Алматы мен Ақмешіт көшелерінің қиылысындағы жаңа саябақта Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың 20 жылдық мерейтойына орай 20 түп ағаш отырғызылды.

Оған Есіл ауданы әкімінің орынбасары Дәрменияр Алғатбекұлы және Ұлттық ғылыми медициналық орталығының қызметкерлері қатысты.

image-11-10-21-01-54-6
image-11-10-21-01-54-3
image-11-10-21-01-54-7
image-11-10-21-01-54-2
previous arrow
next arrow

«Мұндай сенбілік шараларының өтуі өте орынды деп санаймын. Ұлттық ғылыми медициналық орталығы хабарласқан еді. Бұл орталықтың құрылғанына биыл 20 жыл, сол себептен 20 тал егіледі. Оны 50 жас дәрігер отырғызып жатыр. Жақында осы жерде ҚР ­Президенті ­Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» деген ескерткішті ашқан еді. Осы алаң медицина қызметкерлерінің саябағы деп аталады. Біздің биылғы жоспарымыз – Есіл ауданы бойынша 22 мың тал егу. Сол себептен жоспарымызды орындап, ағаштарды отырғызып жатырмыз, осы алаңды жандандыруымыз керек. Бұл біздің дәрігерлерге деген алғысымыз болады» дейді Есіл ауданы әкімінің орынбасары Дәрменияр Алғатбекұлы.

Ал Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың қызметкері Темірлан Сібірұлының айтуынша, мұндай шаралар келешек ұрпағымызға қалады.

«Бұл енді медицина қызметкерлеріне арналған саябақ. Біз – астанамызбен бірге туған мекемеміз. Осыдан 20 жыл бұрын ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен ашылған едік. Биыл 20 жыл мерейтойымызға орай, әкімшілікке ұсыныс айтып, естелік ретінде тал егуді жөн санадық. Бұл келешек ұрпақ үшін, экологиялық тазалық үшін маңызды. Мұнда балаларымыз, немерелеріміз демалуға келеді. Сол үшін жас дәрігерлерімізді шақырып, тал отырғызып жатырмыз» дейді дәрігер Т.Сібірұлы.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × two =