20 тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі

0 31

Елорда әкімі Алтай Көлгінов құрылысы ұзаққа созылған бірқатар үйлердің құрылыс жұмыстарымен танысты. Бұл туралы қала әкімі Instagram парақшасында жазды.

«Санитарлық нормаларын қатаң сақтай отырып, құрылыс қарқынын арттыру қажет. Қаланы аралау барысында құрылысы ұзаққа созылған бірқатар үйлердің құрылыс жұмыстарымен таныстым. «Шығыс 2,3 кезек», «Зере 1», «Ақерке-2» тұрғын үй кешендерін биыл тапсырамыз. Биыл құрылысы ұзаққа созылған 20 тұрғын үй кешенін салып, пайдалануға береміз» деп жазды ­А.Көлгінов. 8 мыңға жуық үлескер пәтерлеріне кіріп, тұрғын үй құжаттарын ресімдей алады. Өткен жылы 2,5 мың үлескері бар 10 тұрғын үй пайдалануға берілді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × 4 =