2 мың ағашпен толықты

0 32

Нұр-Сұлтанда коммуналдық сенбілік кезінде екі мыңнан астам ағаш отырғызылды. Қалада «Birge – taza Qazaqstan» республикалық экологиялық бастама аясында қала басшылығының тапсырмасы бойынша экологиялық айлық өтуде.

image-28-09-21-12-02-5
image-28-09-21-12-02-4
image-28-09-21-12-02-3
image-28-09-21-12-02-2
image-28-09-21-12-02-1
image-28-09-21-12-02
previous arrow
next arrow

Апта сайынғы сенбіліктерде коммуналдық қызметтермен бірге қаланың мемлекеттік органдары, мекемелері мен ұйымдары қысқы кезеңге дайындық жұмыстарын жүргізеді, қоқыс жинап, ағаш отырғызады. Кезекті сенбілікке 7 мыңнан астам қала тұрғыны, 642 кәсіпорын, ұйым мен мекеме қатысты. Оған 88 жүк тиегіш пен 156 жүк көлігі жұмылдырылды.
«Бүгін экологиялық айлық аясында Алматы ауданында кезекті сенбілік өткізілді. Оған ардагерлер кеңесінің мүшелері, жастар, университет студенттері, қаланың белсенді тұрғындары қатысты. Қатысқандардың бәріне алғыс айтамыз. Бүгінгі сенбілік аясында 531 ағаш отырғызылды. Жалпы, бұл саябақта 1,5 мың ағаш отырғызылды. Ал Алматы ауданы бойынша 6 мың ағаш отырғызу жоспарланып отыр» деді Алматы ауданының әкімі Ерлан Бекмұрзаев.

<

Сенбілік аясында қала бойынша жалпы ауданы 2 миллион шаршы метр болатын саябақ пен гүлзар тазартылып, 2064 дана ағаш отырғызылды. Оның ішінде қызыл тал, татар үйеңкісі, қарағай, қайың, емен, пирамидалық терек бар.
Коммуналдық сенбілік кезінде барлығы 82,12 тонна қоқыс жиналып, полигонға шығарылды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × one =