2,5 мың тұрғын жұмыс тапты

0 15

Бүгінде «Жұмыспен қамту жол картасы» жұмыссыздықпен күрестің тиімді құралына айналды. Елордада осы бағдарлама аясында 2410 адам жұмысқа орналастырылды.Бұрын хабарлағанымыз­дай, Жол картасының 2020-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша шаһар халқының 15 мыңнан астам адамын еңбекке тарту жоспарланған. Олардың жартысына жуығы қалалық Жұмыспен қамту орталығы арқылы ұйымдастырылады.
Елордалықтар түрлі бағыттар бойынша 87 инфра­құрылымдық жобаға қатыса алады. Жұмыспен қамтудың жол картасына орай әлеуметтік, инженерлік-көліктік инфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, елді мекендерді абаттандыру салаларында 117 инфрақұрылымдық жоба бойынша жұмысқа орналастыру көзделген. Қазіргі күні мамандар аталған бағдарлама жобаларына лайықты кадрлар іріктеуде.
Бос жұмыс орындарының тізімі enbek.kz электронды еңбек биржасында қолжетімді. Олар құрылыс, жөндеу, абаттандыру салаларында жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, медициналық тексеру, қызметкерлерді жинау және жұмыс орнына дейін тасымалдау үшін мобильді рекрут ­пункті құрылды. Бағдарламаға қатысу үшін Нұр-Сұлтан қалалық Жұмыспен қамту орталығына келесі нөмірлер бойынша хабарласу қажет: 57-88-89, 72-93-62. Толық ақпарат Жұмыспен қамту орталығының (cz.astana.kz) ресми сайтында.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

13 + sixteen =