19 миллион теңгенің дәрі-дәрмегі тәркіленді

0 9

Қалалық прокуратура мен полиция қызметкерлерінен тұратын бақылау тобы жүргізген рейд барысында елордалық дәріханаларда өткен аптада фармакология саласында қызмет көрсететін 31 тұлға (дәріхана қызметкерлері) дәрі-дәрмекті қымбат бағамен сатқаны үшін жауапкершілікке тартылды.Жалпы, рейдтер басталғалы бері медициналық заттарды Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып сатудың 65 фактісі анықталды, 71 адам ұсталды. 4891 пакет дәрі-дәрмектер, 179 термометр, 250 мыңнан астам медициналық маска, 20 мыңға жуық қолғап, 679 литр антисептикалық заттар тәркіленді. Тәркіленген дәрі-дәрмек пен медициналық заттардың жалпы сомасы шамамен 19 миллион теңгені құрады.

Полиция қызметкерлері Сауран көшесінде дәрі-дәрмектің заңсыз сатылуын анықтады. 21 жастағы қала тұрғыны жауапталып, «Клексан» препараты, сондай-ақ «Xarelto Rivaroxaban» және «Ceftriaxone» тәркіленді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

thirteen − 13 =