©2020 Астана Ақшамы
16 ұл, 16 қыз
Жаңа жыл жағымды жаңалығымен басталды. 1 қаңтар түнгі сағат 00.00-ге дейін елордада 32 нәресте дүниеге келді.
Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес түнгі 00:00-ден бастап көпсалалы қалалық ауруханалардың акушерлік блоктарында 16 ұл мен 16 қыз бала дүние есігін ашты. Бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда 8 балаға көп.
Айта кетсек, елордада күніне орта есеппен 30-35 бала дүниеге келеді.