15 млн теңге айыппұл салынды

0 12

Қалада карантин тәртібін өрескел бұзушыларға 15 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Мемлекеттік бас санитар дәрігер Жанна Пірәлиеваның айтуынша, бұл айыппұл карантин және шектеу шараларын бірнеше рет бұзған 25 кәсіпкерлік нысанына салынып отыр.

Тәртіпке бағынбағандар, негізінен, қоғамдық тамақтану және ойын-сауық мекемелері – клубтар, караокелер екен. Оларға қатысты аудандық полиция басқармаларынан 140-тан астам материал келіп түскен. Барлығы 836 жеке, лауазымды тұлға мен кәсіпкерлік субъектілері шектеу және карантин шараларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бөлім бастығы Азамат Садықовтың айтуынша, мейрамханаларда ауқымды отбасылық іс-шаралар өткізілген. Мысалы, 25 қазанда мобильді топ Сембинов көшесінде карантин режимін бұза отырып жұмыс істеген «Сұңқар» мейрамханасын анықтады. Мұнда қалжа тойын өткізуге 50-ден астам адам қатысқан. Жалпы қала бойынша карантинді бұзудың 2029 жағдайы тіркелген. Олардың 213-і маска тағу тәртібін елемеуге қатысты болып отыр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

13 − ten =