140 мыңнан аса елордалық 42 500 теңгеден көмек алды

0 28

Осындай көмек алу үшін 200 мыңнан астам өтінім келіп түскен. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов өзінің инстаграмдағы парақшасында жазды. «Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әлеуметтік төлем алушылардың тізімі кеңейтілді. Өтінімдерді «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-мен және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорымен (МӘСҚ) бірлесе қарастырып жатырмыз» делінген жазбада.Әкімнің айтуынша, қалалық штаб демалыссыз күшейтілген тәртіппен жұмыс істейді. Өтінішті «Электрондық үкімет» веб-порталы, telegrambot egov.kz немесе 42500.enbek.kz сайты арқылы электрондық форматта беруге болады. Қосымша ақпарат алу үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына 55-14-87, 55-01-74, 55-69-59, 55-67-12, 109 (iKomek) хабарласуға болады.
Сондай-ақ Алтай Сейдірұлы халықты қолдаудың басқа да шаралары іске асырылып жатқанын хабарлады. «4 АЕК мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмекті 41 мың отбасы алады. Олар – I,II, III топтағы мүгедектігі бар азаматтар, ерекше қажеттілігі бар балалар, ерекше қажеттілігі бар баланың күтімімен айналысатын ата-аналар, АӘК алушылар» деді ол.
Елбасының тапсырмасына сәйкес халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына «Birgemiz» қоғамдық қоры картаға 50 000 теңге аудара бастады. Сонымен қатар, Nur Otan партиясымен бірлесе отырып, «Birgemiz» акциясы аясында 6 мың аз қамтылған отбасыға азық-түлік себеті берілген.
Наурыз айында азық-түлік себеті түріндегі кепілді әлеуметтік пакетті 2700 отбасы алып, 4,5 мың бала қамтылды. Мемлекеттік әлеуметтік көмек сәуір айында да беріледі. Жыл басынан бері (АӘК) атаулы әлеуметтік көмек 3 мың 400 отбасыға тағайындалған.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × 4 =